Сыбайластықпен күрес жүйелі жүргізілуі тиіс

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Өткен жылғы 6 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық форумда алға қойған бағыттарын жүзеге асыру мақсатында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің ұжымы мен "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес мүшелерінің кездесуі болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесуді ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары Ерлан Табынбаев ашып, Елбасының алға қойып отырған міндетінің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыс барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен нақты қолға алынуы тиіс. Сонда ғана ол өз нәтижесін береді. Тәжірибенің өзі сыбайлас жемқорлыққа барғандарды жариялаумен шектеліп қана қалмауы керек. Сондай-ақ, оның алдын алу мен себебін нақтылауға және оны болдырмау мақсатында арнайы іс-шаралар өткізілуі қажет. Бұл жолда мемлекеттік органдар мен азаматтық институттардың бірлесе жұмыс жүргізуінің маңызы зор.Өткен жылы ҰҚК департаменті күшімен сыбайлас жемқорлыққа қатысты 40 заң бұзушылық жағдай анықталды. Оның 23-і мемлекеттік сатып алуға қатысты болып отыр. Бұл бюджет қаржысын қалай болса солай жұмсайтындардың әлі де азаймай отырғандығын көрсетеді.Жиында "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, партия жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы Өлмесхан Болатбеков және ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы ? тәртіптік кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев Елбасының алға қойған міндеттері мен оның мақсаты жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.
Соңғы жаңалықтар