Сымбатты боксшымыз келесі жекпе-жегін кейінге қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың айқасы жарақатына байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Менеджердің айтуынша, Фирузаның келесі айқасы 1 сәуірге жоспарланған. Алайда, ресейлік Юлия Чернобородовамен кездескенге дейін алған жарақатына байланысты, оған біраз уақыт емделуге тура келеді.

Шәріпова ресейлік боксшымен жекпе-жегінен кейін медициналық тексерістен өткен. Онда дәрігерлер боксшы қызға 21 күн бойы жұдырықтаспауды, яғни спарринг өткізбеуге кеңес берді. Енді Фируза шаршы алаңға 22 сәуірден кейін оралады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Балашиха жерінде Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Чернобородовамен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын.

22 жастағы Шәріпова - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар