«Сыр - Алаштың анасы» атты мүшәйра өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қызылордада қаланың 195 жылдығына арналған «Сыр - Алаштың анасы» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
None
None

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мүшәйраға облыс орталығында тұратын жас ақындар қатысып, өздерінің Сыр бойындағы басты қала туралы жыр толғамдарын қазылар мен тыңдармандар талқысына салды. Олардың бағасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағанбетов бастаған қазылар алқасы берді. Нәтижесінде бірінші орынды «Болашақ» университетінің студенті Данияр Уәлиев, екінші орынды Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің студенті Рамазан Қосназаров, үшінші орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Гүлжанар Молдашева жеңіп алды. Бұлардан бөлек, студенттер Бауыржан Матұғұлов «Шыншыл ақын», Арайлым Әбдуалиева «Дарынды ақын», Жансая Амангелді «Сыршыл ақын», Гүлназ Қалмырза «Жаңа есім» аталымдары бойынша жүлделерге ие болды.

Соңғы жаңалықтар