Сыр бойылық диқандар көктемгі дала жұмыстарына сақадай сай

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қала әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.
None
None

Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Қуаныш Ахметовтің хабарлауынша, биыл 6673 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын (күріш, жоңышқа, картоп, көкөніс, бақша дақылдары) егу жоспарлануда.

Бүгінде егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар сатып алынуда. Жалпы егіске 1430 тонна азотты, 427 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш қажет.

Егін науқанына қажетті жанар-жағармайды да уақытылы жеткізу мәселесі пысықталуда.

Үкіметтің қолдауымен қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін үстіміздегі жылы егін егу мен жинау науқандары кезінде дизель отынымен арзандатылған бағада қамтамасыз ету мақсатында жеткізуші оператор болып «Мұнайтранс-Кызылорда» ЖШС мен "Оңтүстік-Транс» ЖШС-лері белгіленді. Қазіргі таңда шаруашылық басшылары осы мекемелермен екіжақты келісім-шартқа отыруда.

Мәселенің мән-жайымен танысқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшысына бұл бағытта ұйымдастырылатын жұмыстарды жүйелі жүргізуді және тұрақты хабардар етіп отыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар