19:30, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Сыр бойында алғашқы екі айда 2829 нәресте өмірге келді
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыста биылғы жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан нәрестелер саны 2829-ға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 356 шақалаққа артық. Есесіне, былтырғы жылдың екі айында 67 сәби шетінесе, биылғы екі айда 1 жасқа дейінгі 70 сәби өлімі тіркелді.
Талдау барысында шартты сәби өлімінің алдын алуға болатын 38 жағдай тіркелсе, мүмкін болмаған 32 жағдай анықталды. Бір қуанарлығы, өткен екі айда ешқандай ана өлімі болмаған.