Сыр бойында үздік боксшылардың есімдері анықталды
Солардың қатарында облысқа соңғы жылдары айтарлықтай абырой әкеліп жүрген боксшылар да өз рейтингілерін белгілеп алды.
Осы жылдың «Ең үздік боксшы» атағына халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Сваев, ҚР спорт шебері, қарулы күштер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы Қамшыбек Қоңқабаев, Қазақстан чемпионатының және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, II Еуразиялық спорт ойындарының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахметов ие болды. Сондай-ақ спортшылардың жаттықтырушылары Ғалым Байғондиев пен Жәміл Жүсіпов те сый-сияпаттар алды.
Спортшылар мен жаттықтырушыларға облыстық бокс федерациясының сыйақысы берілді.