Сыр бойында жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 693 мүгедек протездермен қамтамасыз етілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Бүгінгі таңда қолға алынып жатқан мәселе­лердің бірі - мүгедектерді әлеуметтік оңалту.
None
None

Қазақстан Республикасының заң­дылықта­рына сәйкес «мүгедектерді әлеуметтік қорғау» - оңалту саласындағы негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Әлеуметтік оңалту тұрмыстық-әлеуметтік және қоғамдық-әлеу­мет­тік деп екіге жіктеледі. Тұрмыстық-әлеу­мет­тік оңалту мүгедектің қоршаған орта жағдай­ларына үйренуі. Яғни, өз қалауынша іс-әрекет жасау үшін көмекші құралдарды өздігінше қолдануы, тіршілік тынысының шектелуін жою. Сонымен қатар мүгедек жандар техни­калық көмекші және протезді-ортопедиялық құралдармен қам­тамасыз етіледі. Әсіресе, жүйке дертіне шалдыққан науқастар жүріп-тұру аппарат­тарына мұқтаж. Мысалы, облыс бойынша өт­кен жылы 3765 мүгедекке жеке оңалту бағдар­ламасы әзірленіп, оның бүгінгі таңда 2752, яғни 73 пайызы орындалды.

Заман ағымына сәйкес көмекші құралдар тізімі де ұлғайып келеді. Әзірленген жеке оңалту бағдарламасы бойынша 693 мүгедек әртүрлі протездермен, 178 мүгедек есту аппа­ратымен, 513 мүгедек тифломагнитоламен, 186 мүгедек кресло-арбамен, 1065 мүгедек жеке гигиеналық құралдармен, 100 мүгедек ымдау тілі маманымен және 366 мүгедек жеке көмек­шілік қызметімен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар