Сыр бойының көкпаршылары ел біріншілігінде екінші орын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Астана қаласында болып өткен ұлттық спорттың көкпар мен аударыспақ түрлері бойынша ел біріншілігіне қатысып қайтқан Қызылорда облысының құрама командасы өз тобында екінші орын алды.
None
None

Жеті күнге созылған бұл чемпионатқа еліміздің 12 аймағынан командалар қатысты. Біріншілік жоғары және бірінші топ командалары арасында өткізілді.

Сыр бойынан барған көкпаршылар бірінші топта сынға түсіп, екінші орынға ие болды. Бірінші орын Алматы, үшінші орын Батыс Қазақстан облысының спортшыларына бұйырды.

Жоғары лигада Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының шабандоздары жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар