09:28, 25 Маусым 2010 | GMT +5
Сыр бойының журналистері кәсіби мерекелерін атап өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Кеше Қызылорда облысының журналистер қауымы өздерінің төл мерекелерін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби күнді тойлаулары облыс орталығындағы «Дидар» атты мейрамханада көген созып, кереге жайды.
Шөптің басын сындыратындай бір жаңалық, облыс басшысы өзі осы өлкеде қызметте жүрген үш жылының ішінде биыл бірінші рет аймақ журналистерінің мерекесіне қатысып, оларды жеке өз атынан құттықтау құзырына құрық жалғады. Ол артық-кемі жоқ 40 журналиске алғыс хаттары мен грамоталар тапсырды.