Сыр елінде де Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтіп жатыр

Қаланың 6 мөлтек ауданында және 8 ірі базарлар мен мейрамхана, сауда орталықтарында Наурыз дастарханы жайылып, жалпыхалықтық мереке тойланды. Бұл шара қаладағы коммуналдық сала қызметкерлері мен жеке азаматтар және кәсіпкерлердің қолдау, демеушілігімен өтіп жатыр.
Биыл облыстаҰлық мерекеге дайындық жұмыстары ерте қолға алынып, біршама игі шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, мерекелік безендіру жұмыстары бойынша қала көшелеріне билбордтар мен ақпараттық кермелер, жалаушалар және түнгі жарықтандыру құрылғылары орнатылды.
Осы мейрамға орай қазіргі таңда алаңға қаладағы мұнай компаниялары мен кәсіпкерлер, облыстық департамент, басқармалар, оқу орындары және шекарашылардың атсалысуымен 33 киіз үй тігілді.
Кешке орталық алаңда «Жауқазын жер. Жаңа күн. Ұлы Наурыз»атты шағын қойылым қойылып, кеште жергілікті өнерпаздардың ұлттық-этнографиялық тақырыптағы концерттік бағдарламасы болып және елге танымал «Жігіттер» квартеті өнер көрсетпек. Кеш күн мен түннің теңескен сәтінде мереке отшашумен жалғасатын болады.