«Сыр мейірімі» атты шара жабырқағанның жанынан табылып жүр

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Үстіміздегі жылғы мамыр айынан бері Қызылорда облысында «Сыр мейірімі» атты жоба жұмыс істеуде. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем беруге бағытталған.
None
None

Шара осы кезге дейін 221 адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп үлгерді. Маусым айында 2117500 теңгеге қамқорлық көрсетілді. Бүгінде қаланың Тасбөгет, Шанхай және Титов қыстағындағы азаматтарға «Сыр мейірімі» шуағын төгуде. Журналистер алғаш «Арман» мейрам­ханасына аялдады. Мұнда 50 тасбөгеттік түскі ас ішіп, 30 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне тағам жеткізілуде. Күнделікті түскі ас ішуді дағдыға айналдырған Тұрсын Жақсыбаева:

- Пайғамбар хадисінде өзгеге жақсылық жасасаң, жұмақтың есігі ашылатыны айтылған. Осы орайда мұндай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Күннің ыстығына қарамастан бір мезгіл ыстық тағам ішуге келемін, - деді ол жанарында іркілген жасты жасыра алмай. Сөз алған Элизавета Усканова жобаны ұйымдастырушыларға рахметін айтып, дүниеден озған баласының бірінші бейсенбілігін өткізуге демеушілік көрсеткен «Мандарин» ұжымына ризашылығын жеткізді.

«Бір отбасы - екінші отбасыға» акциясы аясында «Альянс» ЖШС-нің кәсіподақ төрағасы Герман Ким аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына балмұздақ пен тәтті сусындар ұсынды. Игі шара «Бақыт» кафесінде жалғасты. Көпбалалы Айгүл Әлиева екі айдан бері уақытылы ыстық тамақ ішіп, денсаулығының жақсарғанын айтты. «Болашақ» мейрамханасында да тұрмысы төмен азаматтар дастарқанға жайғасып, концерттік бағдарлама тама­шалады. «Батт Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 75 жастағы Несібелі Әлімбаеваға азық-түлік өнімдерін табыс етті. Өз кезегінде кейуана: «Ата-анасынан айырылған 5 немеремді қарауыма алып отырмын. Бір күн тамақ ішсек, екінші күні құрсағымыз аш қалады. Бұл бағытта бір мезгіл ыстық ас ұйымдастырған аймақ басшысына аналық ақ батамды жаудырамын. Жиналғандардың барлығы жоба аясында әлеуметтік ахуалдарының жақсарғандарын айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Сондай-ақ мейірімді бастама келер жылы да жалғасын тапса екен деген өтініштерін де жасырмады. «Асар» ЖШС мен «Энергия» акционерлік қоғамы 240 жетім және тұрмысы төмен отбасы балаларына балмұздақтар мен салқын су сыйлады. «Әл-Асад» ЖШС І-топ мүгедегі Қыдырәлі Ещановтың отбасына азық-түлік жеткізіп берді.

Жиын соңында тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор директоры, «Сыр мейірімі» жобасының жетекшісі Сапура Әбдірахимова жыл соңына дейін қамқорлық аясы кеңейе беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар