19:38, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Сыр өңірінде 12 мектеп салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Қызылорда облысы Сыр өңірінде республикалық бюджет есебінен 8700 орындық 12 мектеп салынуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов хабарлады.

«Оның ішінде 4500 орындық 6 білім ошағы биыл, ал қалғаны келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда Шиелі және Жаңақорған аудандарында 2100 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді», - дейді Наурызбай Байқадамов.
Облыста 25 мектеп апатты жағдайда тұр. Соның 11-інің құрылысы осы жылы, қалған 14-і бойынша жұмыстар 2015 жылы аяқталады.