Сыр өңірінде алма бақтары пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жеміс-жидек өсіріп, нарыққа шығару ісі қарқын алмақ. Таяу жылдары Сыр өңірінде ондаған гектарға жайқалған алма бақтары пайда болады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
None
None

«Сырбойы бизнес форумы» аясында осыған қатысты келісімдер жасалды. Шара шеңберінде 70 компанияның, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау институттары мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен көрме ұйымдастырылады.

Өндірістік әлеуетті арттырудың оңтайлы жолдарын тауып, алға ұмтылу қажет. Осы ретте кәсіпкерлерге отандық бизнесті дамыту мен жаңа кәсіп ашуға қажетті ақпарат пен байланыстың толық спектрі ұсынылды. «Аймақаралық ынтымақтастық» пен Ресей, Қытай, Иран елдерінің нарығына шығу мүмкіндіктері жайлы пайдалы кеңестер берілді. Негізінен бүгінде өтімді тауар ауыл шаруашылығы өнімдері болып саналады. Сондықтан агрожобалар іркілмей жүзеге асырылады.

-Алманы биыл күзде егеміз. Мен білетін 3 компания осы жылы жұмысын бастап, жерін дайындап жатыр. Шиелі, Жаңақорған аудандары мен осы қала айналасында болады бақтар. Сондықтан осылармен бүгін келіссөз жүргіземіз, деді облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев

-Бизнес форумы төңірегінде жергілікті кәсіпкерлер қатысуда. Сонымен қатар басқа Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кәсіпкерлері қатысуда. Бір-бірімен танысып, әрі қарай жоспар-жобаларын бірге іске асыруы мүмкін әбден. Осындай қарым-қатынасқа бизнес форумы атсалысады, дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Соңғы жаңалықтар