Сыр өңірінде балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші жыл соңына дейін 70 пайызға жетпек

ЗЫЛОРДА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында республикалық «Балапан» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді.
None
None

Облыстық ішкі саясат департаментінің баспасөз қызметі осыған байланысты мынадай деректер ұсынады.

Бүгінгі таңда аймақта 421 мектепке дейінгі ұйым (199 балабақша, 222 мектепке дейінгі шағын орталық) жұмыс жасаса, онда26 830 бала тәрбиеленуде. 2009 жылмен салыстырғанда, мектепке дейінгі ұйым саны 253 бірлікке немесе 2,5есеге өсті. Олардағы балалардың саны екі жылда 14532 -ге немесе 2,2 есеге артты. Сондай-ақ, 2009 жылы облыста 9 ғана шағын орталық жұмыс жасаса, бүгінгі күні мектепке дейінгі шағын орталықтар саны 222-ге жетіп, оларда 9952 бала тәлім ала бастады.

Аймақта 2009 жылдан бастап 2 610 орындық 18 балабақша құрылысы салынып, іске қосылды. Қазіргі таңда 199 балабақша жұмыс жасайды, оның 64-і немесе 32 пайызы жекеменшік балабақшалар.

Биылғы жылы бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жеке балабақшалар бойынша мемлекеттік тапсырыс алатын балабақша саны көбейіп отыр. Мұндай жұмыстар негізінен облыс орталығында атқарылуда. Қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 69-ға жетті.

Биыл қалада пайдалануға берілетін балалар ұйымдарын қоса есептегенде, облыс орталығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші 66 пайызға жеткізілмек. Ал облыс бойынша жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 70 пайыз болады.

Алдағы жылы қаладағы «Саяхат», «Ипподром», «Шанхай», «Наурыз» шағынаудандары мен Қызылжарма ауылынан барлығы 1 020 баланы қамтитын 6 балабақша ғимараттарын салу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар