10:12, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Сыр өңірінде былтыр 453 млрд. теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Өткен жылы Қызылорда облысының өнеркәсіп орындарында 453 миллиард 700 миллион теңгенің өнімі өндірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ішінде тау-кен өнеркәсібіне тиесілі өнім мөлшері 421, 2 млрд. теңгені құрайды. Осы аралықта барлығы 9 280,6 мың тонна шикі мұнай қолданысқа шығарылған. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі негізінде 24,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл тапсырма 114,4 пайызға орындалды деген сөз.