14:20, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Сыр өңірінде дәрігер мамандарды ауылдарға тарту бағытында біршама жұмыстар атқарылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында былтырдан бастап ауылдарға дәрігер мамандарды тарту бағытында бірқатар жанды жұмыстар қолға алынды.

Биыл осы мақсатқа республикалық бюджеттен 219 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 21,7 млн.теңге бөлінсе, 194,9 млн. теңге несиелендіруге қаралды. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету, тұрақтандыру мақсатында облыстық медициналық орталық аумағында денсаулық сақтау қызметкерлеріне арнап шағын отбасыларына лайықталған қызметтік тұрғын үй салу бойынша жоба дайындалуда.