Сыр өңірінде мал ұрлығы өршіп тұр

ЗЫЛОРДА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада облыстық әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі аймақтық ведомоствоаралық комиссияның кезекті отырысы болды.
None
None

Комиссияда облыстық ішкі істер департаментінің табиғат қорғау және ветеринарлық бөлімінің инспекторы Нұрболат Рысалиев хабарлама жасап, биылғы жылдың 11 айы ішінде бағалы ағаштар мен бұталар тұқымдарын шабу, балық пен басқа да аңдарды заңсыз аулау сияқты табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерінің 1169 рет кездескенін атап өтті. Бұл аймақта заң бұзушылықтың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 23 пайызға жоғары болып отырғанын көрсетеді. Есепті мерзімде 1117 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, браконьерлерден әртүрлі құрал-жабдықтар тәркіленген.

Комиссия отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Серғазиевтің де есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде азаматтарға наркологиялық, психологиялық және психиатриялық көмек көрсетіп, саламатты өмір салтын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баяндап берді.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жасұлан Шынтасов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Бекжан Есенбаев, Жаңақорған ауданы әкімінің міндетін атқарушы Серқожа Ыдырысов баяндады. Олардың айтулары бойынша, қай салада да қылмыстың өсіп кеткені байқалады. Соның ішінде мал ұрлығын тоқтату қиынға түсіп тұр. Қазіргі тәртіпке сай құқық қорғау органдары ұсақ-түйек қылмыстарға дейін түгел тіркеуге алып отырады. Осыдан келіп, қылмыс санының артық көрсеткіш алып тұрған жайы бар.

Соңғы жаңалықтар