16:40, 09 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сыр өңірінде жаңа ескерткіштер орнату мәселесі талқыланды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында аймақта жаңа ескерткіштер орнату және оларды мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ мәртебесінен айыру жөніндегі облыстық комиссияның мәжілісі болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оны облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов жүргізіп отырды. Жиында ұлтымыздың ұлы тұлғасы Мұстафа Шоқайдың Франциядағы Ножан-сюр-Марн қаласына қойылатын мүсінінің үздік деген жобалары комиссия мүшелерінің назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Бірлік» өндірістік базасының әкімгершілік ғимаратының алдында орналасқан ақын Зейнолла Шүкіров бюстінің орнын ауыстыру мен бірқатар мүсіндердің заңдылық мәселесі талқыланды.
Қорытындысында комиссия мүшелерінің ұйғарымымен М.Шоқай мүсінінің жобаларын қайта жасау ұсынылды. З.Шүкіров мүсінінің орнын алмастыру мәселесі кейінге қалдырылды. Ескерткіштердің заңдылық жайына келгенде құжаттарын алдын ала дайындау қажеттігі ескертілді.