Сыр өңірінде жұмыссыздық деңгейі азаймай отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында жұмыссыздар саны 19,4 мың адам болған еді.
None
None

Экономи­калық белсенді халық санына шақ­қанда жұмыссыздық деңгейі 6,2 пайызды құрады. Жұмыспен қамту орган­дарында жұмыссыздар ретінде тір­кел­­гендер саны 2010 жылдың сәуір айының соңына қарай 2,8 мың адамға жетіп, экономикалық белсенді халық санына шаққанда 0,9 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар