Сыр өңірінде жыл басынан бері 305 541 млн. теңгенің тауарлары өндірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінде үстіміздегі жылдың бес айында 305541 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,0 пайыз құрайды.
None
None

Өнеркәсіп өндірісінде кен өндіру мен өңдеу өнеркәсібінің үлесі қомақты. Біздің аймақта бұл саланың экономиканың нақты секторында алатын орны ерекше. Аталмыш саладан қазына қазанына қыруар қаржы құйылып жатыр. Ал өнеркәсіп өндірісінде «қара алтын» өндіру таразы басын басып тұр. Атап айтқанда, кен өндіруде 288119 млн., өңдеу өнеркәсібінде 11408 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Қалған бөлігі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және сумен қамтамасыз ету салаларына тиеді.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша тамақ өнімдерін өндіру алдыңғы орында тұр. Соңғы жылдары бұл салада елеулі серпіліс байқалады. Өткен жылдың бес айымен салыстырғанда ол 29,8 пайызға артық болып отыр. Жалпы алғанда, биылғы жылы маусым айына дейін 11408 млн. теңгенің тамақ өнімдері тұтынушыға жол тартты.

Сусындар өндіруде де сер­піліс бар. Аймақтағы өнеркәсіп саласының мамандары үстіміз­дегі жылғы бес айда 4781 млн. теңгені шамалайтын халыққа қажетті тауарларды шығарды. Ол өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 20,6 пайызға өскен.

Кокс және мұнай өңдеу бағы­тында атқарылған жұмыстар көлемі 2,8 есеге артты. Бұл сала бойынша қаңтар-мамыр айларында 1311 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Ал резеңке мен пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша жүзеге асқан жұмыстар был­тырғы жылдың бес айымен са­лыс­тырғанда, 0,2 пайызға көтерілді. Жалпы алғанда, биыл бұл сала бойынша 1596 млн. теңгенің өнімі шығарылды. Ал металл емес өзге минералдық өнімдер былтырғыдан 16,2 пайыз­ға жоғарылап отыр. Өкінішке орай, тоқыма бұйымдарын өндіру өткен жылдың ұқсас кезеңінен 20, киім шығару 28,4, жиһаз жасау 40 пайызға кеміді.

Соңғы жаңалықтар