16:28, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Сыр өңірінде жыл басынан бері 310 млн. теңгенің жалақысы тиісті иелеріне төленуі қамтамасыз етілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Облыстық прокуратура органдары қаржылық дағдарыс жағдайына байланысты жалақының уақтылы төлену мәселесіне, заңсыз жұмыстан босатуға,

жұмыс орындарын қысқартуға қатысты азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударуда. Атап айтқанда, жедел штаб пен жұмыс топтары облыстағы барлық 245 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінде, мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек заңнамаларының қолданылуына үнемі мониторинг жүргізуде.
Осы мониторинг жүргізу кезінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша қабылданған прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде үстіміздегі жыл басынан бері 25 мекеменің 7658 жұмысшылар алдындағы 310 млн. теңге жалақы қарыздарының төленуі қамтамасыз етіліп, еңбек заңнамасын бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.