Сыр өңірінен шыққан ҰОС ардагерлері туралы кітап жарық көреді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Сыр бойынан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы кітап жарық көрмек. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
None
None

«Бүгінгі таңда облыста барлығы 103 Ұлы Отан соғысының қатысушысы тұрады. Біз бұл адамдарға көп көңіл бөлеміз. Олардың арасында баспанаға мұқтаж жандар жоқ», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.

Ол сондай-ақ соғыстан кейін Қызылорда облысында тұрған және осы аймақта тұрып келе жатқан ардагерлер туралы кітапты Жеңіс күніне арналған мерекелерге дейін жарыққа шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар