Сыр өңірінің жастары патриотизм арқылы экологиялық тазалыққа жетуді үндейді

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» шағынауданында «Менің аулам таза» атты акция болып өтті.
None
None

Аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар конгресінің, «Қызылорда облысының жастар орталығы» бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған қаладағы бірқатар жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Акцияға қатысушылар шағынауданның санитарлық тазалығын қалпына келтіріп шықты. Осымен бір мезгілде салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі насихат жұмыстары қызу жүріп жатты. Сол тақырыпты қаузайтын әсем билбордтар мен ақпараттық плакаттар көрнекті жерде көрініп тұрды.

Соңғы жаңалықтар