Сыр өңірінің жазушылары Елбасы Жолдауын насихаттау үшін жолға шықты

Біздің ғылыми және шығармашылық интеллигенцияға да осындай рөл жүктеледі", деген болатын. Осы аталы сөзді қаперге алған қаламгерлер ел аралап еңбек адамдарының ішінде болу бастамасын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жақында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық ұйымының төрағасы Жақсылық Рахматулла бастаған бір топ ақын-жазушылар Жаңақорған, Сырдария, Шиелі аудандарында болды. Шығармашылық өкілдерін Шиелідегі сапарында аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдап, қаламгерлерді өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен таныстырды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерге сай атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімеледі. "Жол картасының" бағытымен жүргізіліп жатқан істердің де мақсаты айқын. Жүздесудегі әңгіме барысында ардагер-журналист Өтеген Жаппархан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақындар Махмұтбай Әміреұлы, Қатира Жәленова және басқалар ауданның жеткен жетістігі мен әдеби-мәдени өрісі ыңғайында ой бөлісті. Биылғы жыл ? Шиелі топырағының алтын айдарлы перзенті Әбділда Тәжібаевтың жылы болып басталды. Ұлы ақын биыл жүзге толады. Көп ұзамай мерейтойының туы көтерілгелі тұр. Филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозов ақиық тұлға туралы кездесуде көсіле сөйлеп, шығармаларын сала-саласына қарай талдап баяндады. Мұнан соң жазушылар дала академигі Ыбырай Жақаев рухына тағзым етіп, ақиық ақын Әбділда Тәжібаев ауылының тұрғындарымен жүздесті. Шығармашылық кештерге сусап қалған жұртшылық бұл жүздесуде ақындар Балашбек Шағыров пен Қаршыға Есімсейітованың, сықақшы Қазыбек Әшірбекұлының өлеңдеріне ерекше ден қойды. Олар көкейдегі сауалдарын жолдап, қызықты жауаптарға қанықты.