Сыр сақшылары Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн мен түн теңеліп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын «22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында қызылордалық тәртіп сақшылары мерекелік жиын өткізді. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыр сақшылары Наурыз мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді (ФОТО)

Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аманкүл Әзірбекова шақырылып, департаменттің басшы құрамы мен жеке құрамы, ардагерлері қатысты.

Шара барысында Аманкүл Жорабекқызы Шығыс халықтарының ортақ мерекесі - Наурыздың шығу, қалыптасу тарихы, дүниежүзі халықтарында тойлау дәстүрі, бұл мейрамның қазақ халқы өмірінде алатын орны турасында маңызды ақпараттар берді.

Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында ішкі істер органдары қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге арнаулы атақтар беру рәсімі өтті.

Бұдан кейін жас полиция қызметкерлері ант тарын берді. Бұдан бөлек, 13 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ-нің Қызылорда облысындағы дербес департаменттері мен бөліністерінің құрама командалары арасында өткізілген волейбол жарысында үздік ойын өрнегін көрсеткен полиция қызметкерлері марапат биігінен көрініп, департамент бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменовтің «Грамотасымен» марапатталды.

Шарада Қызылорда облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Пейсов сөз алып, Наурыз мерекесінің қазақ халқы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен ардагерлерді мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
null null null