Сыр сүлейі Дүр Оңғардың 150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өту мақсатында қоғамдық қор құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшы ауданында Сыр сүлейі Дүр Оңғардың 150 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өту мақсатында қоғамдық қор құрылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қорға ардагерлер Сұлтан Сармолдин мен Әбдірай Бөрібаев басшылық жасайды. Олардың айтуынша, мерейтой барысында атқарылатын шаруа аз емес. Алдымен ақынның әдеби мұрасын зерттеуші ғалымдардың көмегімен бұрын жарияланған екі шағын кітапты қайта толықтыруға көңіл бөлінбекші. Баба басына кесене тұрғызылып, көрнекті ескерткіш орнату жоспарда бар. Сонымен бірге, ақындар айтысы мен жыраулар байқауын өткізу ойластырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар