Сырдария арқылы өтетін көпір құрылысы қайта жанданды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдария ауданы халқының көптен күткен тілегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысының салынуы болатын.
None
None

Себебі, өзеннің арғы бетіндегі елді мекендерден 10 мыңға жуық тұрғын аудан орталығына Қызылорда қаласы немесе Жалағаш ауданы арқылы келетін. Міне енді бұған дейін құрылыс тоқтап қалған көпір құрылысы қайта жанданып, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. 2012 жылдың сәуір айында аудан халқы үшін, маңызды нысан болып табылатын Тереңөзек-Шаған тас жолындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы өз бастауын алып, бюджеттен 555,0 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. 2013 жылы аталған құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 111 млн. тенге қарастырылған. Құрылыс арнайы мамандандырылған «Мостоотряд-25» ЖШС арқылы іске асырылуда. Дегенмен құрылыс жұмыстары қаржы мәселесіне орай біршама уақыт тоқтап қалған болса, 2014 жылы көпір құрылысының қаржысы шешіліп, республикалық бюджеттен 845 млн. теңге, оның ішінде 84,7 млн. теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді. Құрылыс жұмыстары сәуір айында жалғасын тауып, нысан биылғы жылы пайдалануға берілмек.

Соңғы жаңалықтар