Сырдария ауданында да арзан базар бар

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордадағы "Ұмай" балаларды емдеу-тәрбиелеу қайырымдылық үйінде "Әйелдердің маркетингтік оқу, кәсіптік тәжірибе алмасу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуін ұйымдастыру, кедейшілікке қарсы күресу" жобасы бойынша семинар өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайырымдылық үйі мен Қазақстандағы "Эберт" қоры ұйымдастырған жобаның тұсаукесеріне облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Рахима Ахметова, қор үйлестірушісі Гүлнар Көшербаева, облыстық ішкі саясат басқармасы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты. "Ұмай" үйінің директоры Анар Ізден жоба мақсатымен таныстырды және алдағы міндеттерге тоқталды. Жоба негізінде жұмыссыз әйелдерді кәсіптік машықтандыруға көңіл бөлінеді, тігін ісіне баулып, өзін-өзі жұмыспен қамтуға қол ұшын береді. Оған қайырымдылық үйінде тәрбиеленетін балалардың аналары тартылған. Семинар барысында 12 әйел тігін тігудің қыр-сырымен танысты, сондай-ақ, түйіндеме жазу, жұмыс берушімен сөйлесе білуге үйренді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. Биыл "Ұмай" қайырымдылық үйіне 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында үкіметтік емес ұйым көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырды.
Соңғы жаңалықтар