?Сырдария? кітапханасының кейінгі томдары таратылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Сырдария» кітапханасы сериясымен шыққан туындылар көпшіліктің көзайымына айналады деген хабар өткен жылдан бері көптің көңілін күпті еткен еді.
None
None
Мінеки, облыс әкімінің пәрменімен том-том жинақтар кітапханалар мен авторлардың төрінен орын ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алғашқы 50 томы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға шуақты жаз айларында жеткізіліп, сән-салтанатымен тұсаукесер рәсімі де өткізілген-ді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жанындағы "Халықаралық Қорқыт ата мұраларын ғылыми-зерттеу орталығы" қоғамдық бірлестігінде дайындалып, Астанадағы "Фолиант" баспасынан шыққан томдардың саны бүгінде 92-ге жетіпті. Ұзын-ырғасы 200 томды өнерсүйер қауымға ұсыну мақсат екені оқырманға мәлім. Облыстық кітапхана директоры Гүлбаршын Сисекееваның айтуынша, әрбір том 1000 данамен жарыққа шыққан. Оның 800-і облыс көлеміндегі өздеріне қарасты 208 кітапханаға, сондай-ақ барлық мектептер мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының кітапханаларына таратылған. Авторлар мен олардың мұрагерлеріне 200 данадан беріліп жатыр. Қолда бар 92 кітаптың ішінде Әбілдә Тәжібаевтың 5 томы, Дүкенбай Досжанның 4 томы, Асқар Тоқмағамбетов пен Зейнолла Шүкіровтің 3 томы, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Әуелбек Қоңыратбаев, Айтбай Хангелдин, Байбота Серікбайұлы, Шөмішбай Сариев, Қомшабай Сүйеніш, Серік Асылбекұлының екі томдықтары, Сейсен Мұқтарұлы, Сақтапберген Әлжіков, жергілікті авторлардан Әскербек Рахымбекұлы, Жақсылық Рахматулла, Шәкізат Дәрмағанбетұлы, Сақтаған Есмаханұлы, Рүстем Жанай, Қази Данабаев және басқалардың жинақтары өз оқырмандарына жол тартты.
Соңғы жаңалықтар