11:43, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Сырдария өзені анасы мен қызын бірдей жалмады
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы, Ботабай ауылының 30 жастағы тұрғыны Жанар Қауғанбаева 5 жастағы қызы Гүлданамен суға батып кеткен.

Бұл төтенше жағдай мереке күндері елді мекен тұсындағы Дәулетбай каналына суға шомылу кезінде орын алған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің құтқарушылары Гүлдана Жасұланқызының денесін 10 сағаттан кейін су бетіне шығарса, анасы Жанардың денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.