Сырдария өзені арқылы өтетін 368 метрлік жаңа көпір пайдалануға берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2014 жылдың шілде айында басталған болатын.

Көпірдің ұзындығы 368 метр. Көпір 9 тіректен жəне 8 аралықтан құралған. Көпірдің жүру бөлігі 14 метр, 4 қозғалыс жолағы бар.

null  

Көпірдің салтанатты ашылу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және ауқымды жоба сол жағалаудағы жаңа қаланың құрылысының басталуымен құттықтады.
«Алдағы жылдан бастап, біз қаланың сол жақ жағалауын кешенді түрде дамытуды, ірі құрылыс нысандарын салуды бастаймыз. Онда көлемі 1500 гектардан астам жер дайындалып отыр. Үлкен жобаны жүзеге асыру мақсатында облыстық штаб құрылды. Инвестициялық аймақта 11 тұрғын аудан, индустриалдық аймақ және 3 ірі парк қарастырылып, халықтың сапалы өмір сүруіне қажетті әлеуметтік нысандар, бизнес орталықтары, сауда орындары бой көтеретін болады. Оның ішінде 46 балабақша, 23 мектеп, университет қалашығы, 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат, емханалар, күндізгі стационарлар мен дәріханалар қарастырылған. Сонымен қатар, үлкен ән аренасы, этнографиялық музей кешені, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі, цирк, драма театр, стадион, «Құстар әлемі» оранжереясы мен Медиа орталығы, демалыс орындары орналасады. Сол жағалау аумағында болашақта жүз мыңнан астам адам тұрады деп есептелуде» - деді облыс әкімі.

null null null 

Соңғы жаңалықтар
telegram