Сырдария өзенінде биыл тасқын болмайды

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Сырдария өзенінің бойында биыл тасқын су болмайды. Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылары осылай деп мәлімдеп отыр.
None
None

Қазіргі күндері Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 500 текше метр су жіберіліп тұр. Бұл судың 150 текше метрін жолдағы Көксарай су реттегіші қабылдап алуда. Ал одан төмен дария арнасы бойымен 234 текше метр су түсуде. Бұл Сырдың орта және төменгі ағыстары бойына ешқандай қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы қазір жоғарыдағы бас су қойма - Тоқтағұлда 15 млрд. текше метрден астам су жиналып тұрғанын мәлімдейді. Одан төмендегі Шардара су қоймасына секундына 476 текше метр су жіберілуде. Ал бұл қоймада 5 млрд. 260 млн. текше метр су жиналған. Бұл оның толып тұрғанын көрсетеді. Шардарадан дарияға жіберілетін мол су мамыр-маусым айларына тұспа-тұс келеді. Бұл аралықта егін егу науқаны қызу басталады.

Соңғы жаңалықтар