10:19, 09 Қаңтар 2015 | GMT +5
Сырдария өзеніндегі екі көпір бұзылады - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдария өзені арқылы өтетін екі көпірдің әбден тозығы жеткен. Мұның орнына біз заман талабына сай автожол көпірін саламыз. Ол үшін қаржы бөлініп отыр.
Биылғы жылы жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстарын бастамақпыз, - дейді Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов. Жойылатын көпірдің бірі Қазалы ауданының Әлсейіт өткеліне тиесілі болса, екінші көпір Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұсында. Басқарма басшысының айтуынша, аталған қос көпір қазірдің өзінде тұрғындар үшін өте қауіпті. "Олар көпірді тек көктемнен күз мезгіліне дейін ғана пайдалана алады", - дейді ол.