Сырдария өзеніндегі су тасқынымен күрес шаралары тұрақты бақылауда ұсталып отыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Сырдария өзеніндегі су тасқынына қарсы күрес шараларына баса назар аударылып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал-Сырдария бассейндік су шаруа­шылығы инспекциясының мәліметтеріне сүйенсек, төмен түсіп жатқан су көлемі былтырғыдан едәуір көп. Бұл күндері Шардарада 3 млрд. 427 млн. текше метр су бар. Тоқтағұлдан секундына 1000 текше метр су келуде. Өткен жылмен салыс­тырғанда, бұл екі есеге көп. Былтырғы жылдың осы мезгілінде 8 млрд. текше метрден астам су қоры болған Тоқтағұлда қазір 11,5 млрд. текше метр су жиналған. Қырғыз ағайындардың электр өндірудегі бірден-бір көзі саналатындықтан, жоғарыдан келетін су мөлшерінің азаймасы тағы анық. Қазірде Сырдарияға Шардарадан секундына 370 текше метр су түсіп жатыр. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 140 текше метрге көп.

Осы күндері Қазалы су торабына дейінгі 115 шақырым дария арнасында мұз тұтасып тұр. Синоптиктердің болжауынша, қаңтардың соңғы он күндігі салқын болмақ. Егер күн күрт суытып, сең жүріп дария деңгейі 60-70 сантиметр көтерілсе, қауіп болуы мүмкін. Алайда, Төтенше жағдайлар министрлігі атап өткендей, ақпан айында «Көксарай» су реттегіші 1 млрд. текше метр су қабыл­дайтын болса, қауіп сейіледі.

Сонымен бірге дария бойындағы қауіпті саналатын аймақтардың бөгеттері нығайтылуда. Бұған дейін тұрғызылған бөгеттерге тұрақты бақылау жасалып отыр. Қазірде жағдайды жете зерттеген қала мен аудандардағы штабтар да қадағалауды бір сәт те бәсеңдетпейді.

Соңғы жаңалықтар