Сырдария өзеніндегі су жырып кеткен қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен 4-желтоқсан күні Жалағаш ауданы, Ақсу ауылының оңтүстік шығыс жағында орналасқан «Әшірман» учаскесінде Сырдария өзені суға толып, қорғаныс бөгетін ені төрт метрге дейін жырылып кеткендігі жөніндегі хабар түскен болатын.
None
None

 Аталған шараға 7 арнайы техника және 109 азамат жұмылдырылып, кетіп жатқан су тоқтатылды. Қазіргі таңда қауіп жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Жалғаш аудандық  әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6  желтоқсанда ауылдық округі әкімінен Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Далдабай елді мекені маңындағы «Жалағаш-Жосалы» облыстық маңыздағы автомобиль жолының үстінен «Сырдария» өзенінен тасыған су шамамен 1 км жердің үстінен ағып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 4 КамАЗ, 3 жүк тиегіш техника, тағы бір көлік, 100 адам жұмылдырылып, елді мекен маңындағы қорғаныс бөгетін күшейту-нығайту жұмыстары қолға алынды.

Жалағаш ауданы аумағында Сырдария өзенінің ұзындығы 84,5 шақырым, ал Қараөзек арнасының ұзындығы 48 шақырымды құрайды. Сырдария өзенінің оң жағалауында -55,4 шақырым, сол жағалауында - 29,1 шақырым, ал Қараөзек арнасында 8,3 шақырым қорғаныс бөгеттері бар.

Ауданда қауіпті су басу аймағында шамамен 70 000 га жер, оның ішінде 5300 га ауыл шаруашылығы жерлері, 100 шақырым электр және байланыс желілері, 50 шақырым темір жол, 50 шақырым автокөлік жолдары орналасқан.

Су алу қаупі туындаған аумақта Жалағаш кентінің Дәуімбай учаскесі, Ақсу, Шәменов, Таң ауылдары және Қаракеткен ауылдық округіне қарасты Далдабай елді мекендері орналасқан. Бұл аймақтарда 8180 адам тіршілік кешуде.

Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы қалыпты. Өзен бойындағы қорғаныс бөгеттері зерттеліп, 13 қауіпті учаске белгіленген.

Үстіміздегі жылы Жалағаш ауданы бойынша қауіпті болып саналатын барлығы 4495 метр қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарын «Сәтсервис» және «Угольсбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқарды. 

Соңғы жаңалықтар