Сырдария өзенінен келер қауіп сейілмей тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда бас су қоймасы саналатын қырғыз еліндегі Тоқтағұл су қоймасында 16 млрд. 150 млн. текше метр су қоры бар.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

   Су көлемі өткен жылғыдан біршама көп. Былтыр осы мезгілде онда 11 млрд. 180 млн.  текше метр су қоры болған. Бұл күндері  төмен қарай  Шардара су қоймасына секундына 1200 текше метрге дейін су босатылуда. Оның 400 текше метрін Көксарай су реттегіші қабылдаса, қалғаны дария бойымен ұлы теңізді бетке алып жөңкуде.

   Дариядағы қауіптің болуы оның жылдағыдай ерте қатпауынан туындап отыр. Қазірге күні Қызылорда су торабынан секундына 515 текше метр су өтіп жатыр. Теңізден бастап есептегенде дарияның Жалағаш ауданына дейінгі бөлігі ғана мұз боп қатқан. Қалған бөлігі күннің жылы болуы себепті әзір қата қойған жоқ. Осыған байланысты дария бойы күні-түні бақылауда тұр. Күн күрт суытып дария қатқан жағдайда ғана ондағы қауіп сейіледі, -дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар