Сырдариядағы сең Қызылорда қаласының тұсынан өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Сырдариядағы ұстасқан мұз Қызылорда қаласының тұсынан өтті, деп хабарлайды Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітов.
None
None

Бүгінгі күні Шардара су қоймасында 4 млрд. текше метрден астам су бар. Төмен қарай секундына 900 текше метр су түсіп жатыр. Көксарай су реттегішінде қазіргі уақытта 2 млрд. 922 млн. текше метр су бар. Алдағы уақытта оны 3 млрд. текше метрге жеткізу керек. Қызылорда су торабынан секундына 390 текше метр су өтіп жатыр. Арыс өзенінен жауын-шашынның мол болуына орай қосылып жатқан су көлемі 166 текше метрді құрайды.

«Тап қазіргі шақта дариядағы сең Қызылорда қаласының тұсынан өтіп, Талсуат елді мекені маңында бара жатыр»,-дейді Ж. Нұрсейітов.

Соңғы жаңалықтар