Сырдариялық 30 отбасы баспаналы болды - Қызылорда облысы
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандағы аграрлық-техникалық колледждің бұрынғы жатақханасының ғимараты қайта жаңғыртылды. Бұл оқу орнында 230 студент білім алатын болса, соның 100-ге жуығы алыс ауылдардан келеді. Енді оқу орнының шәкірттері туған-туыстың үйін жағаламай жайлы жатақханада тұрады. Сондай-ақ, осы жатахана ғимаратының жартысы тұрғын үй ретінде пайдалануға берілді. 30 пәтердің 10-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 12-сі әлеуметтік жағынан осал топтарға, 4-і бюджеттік сала қызметкерлеріне және 4 пәтер қызметтік тұрғын үй есебінен табысталды.
- Бүгін ерекше қуанышты күн. Халқымыз үшін ұлық мереке - ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында баспаналы болып отырсыздар. Қуаныштарыңыз құтты болсын, ел тәуелсіздігі тұғырлы болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.