Сыртқы істер министрі АҚШ Конгресінің Халықаралық істер комитетінің Азия және Тынық мұхиты жағалауы елдері бойынша фракциясы жетекшісімен кездесті

АСТАНА. Шілденің 3-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ -  Бүгін Сыртқы істер министрі Марат Тәжин АҚШ Конгресінің Халықаралық істер комитетінің Азия және Тынық мұхиты жағалауы елдері бойынша фракциясының жетекшісі Эни Фалеомовагамен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кездесуден соң журналистерге сұхбат берген Конгресс өкілі, «жүздесу өте сәтті болды.  Қазақстан мен АҚШ Президенттерінің қарым-қатынастарының жақсы болуының маңызын атап өттік. Мен  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің мүшелеріне екі ел басшыларының кездесуі ойдағыдай өтуіне қажетті жағдай тудыратын ақыл-кеңестер беріп, осы мақсатта атқарып отырған шаралары үшін алғысымды айтамын. Бұл кездесуді барлығымыз да асыға күтудеміз», - деді.

 Ол кезінде Қазақстанның шақыртуымен Семей полигонында болған. «Мен Қазақстан Президентінің ядролық қарудың зардабын шегушілердің жағдайын қаншалықты түсінетінін және оларға қол ұшын созғысы келетінін өз көзіммен көріп, біліп қайттым.  Ядролық қарусыздандыру - біздің бірінші кезекте тоқтау салуымыз қажет мәселелердің бірі деп есептеймін», - дейді Эни Фалеомовага.

Соңғы жаңалықтар