Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов сербиялық әріптесімен кездесті

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елімізге ресми сапармен келген Сербияның сыртқы істер ведомствосының басшысы Вук Еремичпен кездесті.
None
None

«Біз бүгін Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықпен байланысты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Бұл ретте, әсіресе Астана мен Белград арасындағы саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжаққа тиімді байланыстарды тереңдету мәселесіне баса назар аударылды. Келіссөздер барысында біз көптеген халықаралық және саяси мәселелер бойынша өзіміздің көзқарастарымыздың көп жағдайда бір жерден шығатынын байқадық»,-деді министр.

Сондай-ақ ол сөзінде Қазақстан мен Сербияның бір-бірін халықаралық ұйымдар аясында да қолдайтындығын айтты. Бұл бірінші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымының аясындағы жұмыстарға қатысты. «Биыл біз екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толуын атап өтудеміз. Өткен жылы қазан айында өте маңызды сапар болды. Ол Сербия Президенті Борис Тадичтің Қазақстанға сапары еді. Осы сапар кезінде өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында маңызды келісімдер жасалды. Бізді осы келіссөздерде көтерілген мәселелердің жүзеге асып жатқаны қуантады»,-деді Е.Қазыханов.

Оның сөзіне қарағанда, осы келіссөздер барысында Қазақстан мен Сербия арасында еркін сауда, инвестицияларды бірлесіп қорғау жөнінде келісімдер жасалған. «Осы құжаттардың ең маңыздысы, Қазақстан мен Сербия арасындағы визасыз режимге қатысты болып отыр. Енді еліміздің қандай да болмасын құжаты бар азаматтары Сербияға, Белградқа визасыз қатынай алады. Біз үшін бұл үлкен жетістік және біз оған қуаныштымыз»,-деді еліміздің сыртқы істер ведомствосының басшысы.

Соңғы жаңалықтар