Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шілденің 2-сі Елбасы Н.Назарбаевтің Жарлығымен Дипломатиялық қызмет күні болып жарияланды. Соған орай бүгін Астанаға іс-сапармен келген Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос мырзамен Қазақстан-Испания арасындағы екіжақты келісімдерге қол қою рәсімінен кейін М.Тәжин қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шет елдерде , ел ішінде қызметтерін атқарып жүрген дипломаттарға табыс тіледі.
«Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Қазақстанның дипломатиялық корпусы шілденің 2-сінде құрылған болатын. Осынау тарихи күннің орайына байланысты кеше Мемлекет басшысы бұл күнді Дипломатиялық қызмет күні етіп белгіледі. Бұл Елбасының осы құрылымда жұмыс жасап жүрген біздің жүздеген әріптестеріміздің қызметіне берген жоғары бағасы деп есептеймін. Мен өз тарапымнан еліміздің барлық дипломаттарын мерекелерімен құттықтаймын», - деді М.Тәжин.