Сыртқы істер министрі Өзбекстанға ресми сапармен барады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.
«2023 жылдың 17 тамызында өзбек тарапының шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Бақтияр Саидовпен келіссөздер жүргізіледі. Тараптар көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективаларын талқылау, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарау, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады деп жоспарлануда», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.
Сондай-ақ, кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақатстық бағдарламасына қол қойылады деп күтілуде.