Сыртқы істер министрлігі қазақстандық ұшқыштарды босату мәселесі бойынша Таиланд өкіметімен келіссөз жүргізіп жатыр

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ -   Қазақстанның Сыртқы  істер министрлігі қазақстандық  ұшқыштарды  босату мәселесі  бойынша Таиланд  өкіметімен  келіссөз   жүргізіп жатыр. Бұл   туралы     бүгін  Ақтөбеде   журналистерге    Премьер-Министр  Кәрім  Мәсімов    мәлім етті.
None
None

«Қазір  Сыртқы істер министрлігіне  тапсырма  берілді  және   дипломатиялық арналар бойынша Таиланд     өкіметімен  келіссөздер жүргізілуде», - деді К.Мәсімов.

Бұдан бұрын, желтоқсанның  14-інде  өткен  брифингте   Азаматтық  авиация  комитетінің  төрағасы Рәділбек  Әдимолда,  Таиланда    ұсталған ИЛ-76   ұшағының    грузиндік «Air West Georgia»  әуе компаниясынікі екенін   хабарлаған   болатын.  Экипаждың 5 мүшесінің  төртеуі   Қазақстан   Республикасының  азаматтары   екені  анықталды.    Ұшқыштар  қазақстандық   «Ист-Винг»  әуе компаниясының  штатында  тіркелген,       ұсталған  кезде  олар ақысыз  демалыста  болған.

Р.Әдимолданың  айтуынша,    оларды    грузиндік әуе компаниясының  қалай  жалдағаны  туралы   ведомствода ешқандай     мәлімет жоқ. Мұндай  жағдай,  халықаралық   тәжірибе  және  ИКАО талаптары  бойынша, негізінен,  қазақстандық заңнамаға қайшы келмейді,   дейді  Комитет төрағасы.

«Қазақстан   біздің азаматтарымыздың   кінәсіз  екенін дәлелдеу үшін  барлық  шараларды қабылдайды»,  деді  ол.

Соңғы жаңалықтар