Сыртқы ортаның жағымды болуына байланысты Қазақстан экономикасы одан әрі кеңейе түседі - ЭСКАТО атқарушы хатшысы

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/- Сыртқы ортаның жағымды болуына байланысты Қазақстан экономикасы одан әрі кеңейе түседі.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «2011 жылға арналған Азия және Тынық мұхиты өңіріндегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу» тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары әрі Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер айтты.

«2009 жылы 1,2 пайым көлеміндегі біркелкі өсімнен кейін, Қазақстан экономикасы 2010 жылы жылдам шамамен 7 пайызға өсті. Ішкі ортаның жағымды болуына байланысты экономика одан әрі де кеңейе түсетін болады. Біздің болжамымызға сәйкес 2011 жылы 6,2 пайызға артады», - деді ол.

Оның пайымдауынша, Қазақстан Үкіметінің банк секторын тұрақтандыру бағытында атқарған істері экономиканың тұрақтандырудағы маңызды қадам болды. Әлемдегі мұнай мен басқа да минералды шикізаттарға сұраныстың артуы 2010 жылы өндірістік қарқынның 10 пайызға өсуіне түрткі болып отыр. Дегенмен елімізде ауыл шаруашылығы айтарлықтай төмендеді. Өйткені астық шығымына өткен жылғы құрғақшылық айтарлықтай әсер еткен еді.

«Қазақстан Үкіметі ақпан айында маңызды азық-түлік тауарларына бағаның жоғары шегін енгізді және Ұлттық банк ақша-несие саясаттын күшейтті. Үкімет экономиканы қолдауды жалғастыруда, оның ішінде әлеуметтік шығыстарды ұлғайту арқылы да. Осы үшін сізді құттықтаймын Премьер-Министр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар