Сырым ауданындағы Алаш музейі қалпына келтіріледі - БҚО әкімі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Алаш» партиясы мен үкіметінің 100 жылдығына орай, Батыс Алашорда жетекшісі, заңгер Жаһанша Досмұхамедовтің 130 жылдығына орай Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылындағы Алаш музейін қалпына келтіру, газға қосу жұмыстары жүргізіледі. 
None
None

null

Бұл жөнінде бүгін осы ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null  

Өңір басшысы осыған орай аудан әкімі Абат Шыныбековке музей ғимаратын жөндеудің есеп-қисабын жасап, мұқияттауды тапсырды. Облыс әкімі сондай-ақ биыл 275 жылдығы кең көлемде аталып өтілетін қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен әрі ел бастаған көсем Сырым Датұлының музейінде де болды.

null  

Аудан әкімінің айтуынша, Сырым Датұлының 275 жылдығына және «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай барлығы 40 іс-шараны қамтитын жоспар бекітіліп, алғашқы жұмыстар атқарылуда. Қазіргі Жымпиты ауылы Батыс Алашорда астанасы болғаны белгілі. Мұнда Алаш саябағы да бар.

null  

Облыс басшысы Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында Қаратөбе және Сырым аудандарының әкімдері Асхат Шахаров пен Абат Шыныбековтің тұрғындар алдындағы есептік кездесулеріне қатысып, Елбасы Жолдауы мен Үндеуіне сәйкес алда тұрған міндеттерді атап өтті.

null 

Айта кетейік, өңір басшысының есептік кездесуі 17 ақпан күні Орал қаласындағы теннис орталығында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар