Сызат түспейді делінген смартфонды әуесқойлар бұрғымен тесіп көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Xiaomi флагмандық смартфонының премиумдық нұсқасы алдын ала мәліметтер бойынша, 6 сәуірде сатыла бастайды. Сызат түспейді делінген аппаратты әуесқойлар жұртқа таралмай тұрып тексеріп көрді.

Сызат түспейді делінген смартфонды әуесқойлар бұрғымен тесіп көрді

Xiaomi Mi 5 Pro керамикадан жасалған артқы панелінің сапасын тексеру үшін видео авторлары кәсіби маманның арнайы құрал-саймандарын қолға алды. Олардың ішінде тұрмыстық электр бұрғы да бар.

Смартфон корпусы беріктігін көрсетті. Әртүрлі ресурстарда жарияланған мәліметтерге сенсек, әзіре сатылымға шығарылмаған смартфонның құны $415 - $550 шамасында болады.