Т.Балықбаев: Университет ұстаздарының жалақысы өте төмен деңгейде

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан жоғары оқу орындары ұстаздарының жалақысы өте төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев айтты.

Т.Балықбаев: Университет ұстаздарының жалақысы өте төмен деңгейде

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, елімізде жоғары білім беруді қаржыландыру 1999 жылы қабылданған модель негізінде жүргізіліп келеді. Ал ол бүгінгі таңда жоғары білім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы жаңа міндеттерге сай емес.

«Осының нәтижесінде біздің оқытушылардың орташа жалақысы өте төмен деңгейде. Бүгінде ол орташа жалақы 80 мың теңгені құрайды. Бұл Ұлыбритания, АҚШ-қа қарағанда 10 есе, басқа елдерге қарағанда 3-5 есе төмен болып отыр», - деді Т.Балықбаев.

Сондай-ақ ол өз сөзінде ЖОО инфрақұрылымдарының ескіріп, студенттерді жатақханамен қамтамсыз ету 65 пайызды ғана құрап отырғандығын баса айтты.