Т. Бигелдинов атындағы Әскери институтта Тараздың бірінші курс студенті қылғындырылып өлтірілді, арнайы комиссия жұмыс істеуде

АҚТӨБе. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Талғат Бигелдинов атындағы ҚР әуе қорғанысы күштері әскери институтының казармасында бірінші курс студенті қылғындырылып өлтірілген.

Т. Бигелдинов атындағы Әскери институтта Тараздың бірінші курс студенті қылғындырылып өлтірілді, арнайы комиссия жұмыс істеуде

«Төтенше жағдай 13 қыркүйек күні кешке қарай орын алды. Қазіргі уақытта күдікті түсініктеме беруде. Ол өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, сол күні кешке қарай курстың топ старостасы басқа курсантқа сабағын тоқтатып, ұйықтауын бұйырған. Ол өз кезегінде бұл «бұйрықты» орындаудан бас тартқан. Студенттер тұрмыстық бөлмеге барып араларындағы «келіспеушілікті» анықтамақ болған. Соның салдарынан Тараздан оқуға келген жас жігіт қылғындырылып өлтірілген. «Қызметтік бабын асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Ақтөбенің әскери прокуроры Ролан Жеңісов.

Екінші курсант күзеттің бақылауында отыр, оны қамауға алу үшін санкция да берілді. Арнайы комиссия болған оқиғаның себептерін анықтау үстінде.