Т.Құлыбаев Атыраудағы газхимиялық кешенді қаржыландыруды үзгендігі үшін Қазақстанның даму банкін сынға алды

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев Атыраудағы газхимиялық кешенді қаржыландыруды үзгендігі үшін Қазақстанның даму банкін қатты сынға алды.
None
None

«Біз Қазақстанның даму банкі сияқты ештеме істемейтін органды таптық, себебі бюджеттен тікелей осы жоба үшін ақша бөлінген болатын. Олар қаржыны алған, бірақ ақша екі жыл жатты, олар ештеме істемеген», - деді Т.Құлыбаев Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен маусымның 18-інде Атырау облысында өткен жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың келісілген міндеттерін атқару жөнінде болған кеңесте.

«Олар мемлекеттік қаражатпен жұмыс істегілері келеді, сонымен қатар коммерциялық банк ретінде қандай да болмасын рейтинг жасағысы келеді», - деді Т.Құлыбаев.

Оның пікірінше, «Қазақстанның даму банкі біз айтып отырған жобалардың жүзеге асуын кешіктіріп отыр».

Уақытында қаржы бөлінген болса, жобаның жұмысы мамыр айынан басталар еді, деп атап өтті «KAZENERGY» төрағасы.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Т.Құлыбаевқа осы мәселе бойынша кеңес дайындауды тапсырды. «Мен шешім қабылдап, кім созбалаушылық жасаса, соны жазалаймын», - деп уәде етті Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар