Т.Кузина: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы -мемлекет еңбегінің әлемдік аренада мойындалуы

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы әлемдік аренада мемлекет қызметінің жоғары бағалануы және Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі».
None
None

«Славян мәдени орталығы» басқармасының төрайымы, Ресейлік отандастар кеңесінің мүшесі Татьяна Кузина «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне осындай пікірін білдірді.

«Қазақстанда өмір сүріп, оның қалыптасуын бақылап, әлем алдында Елбасының абыройы асқақтап келе жатқанын байқамау мүмкін емес. Біздің этно-мәдени орталық ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. Бұл нағыз ұтқыр шешім болды - Ассамблея құру арқылы ол әрбір адамға «Бәріміз теңбіз, бәріміз бірге өмір сүріп отырған жер үшін өз ұлтымыздың тек жақсы жағын көрсетейік» деп айтқандай болды».

Көптеген ұлт өкілдерінің Отаны - Қазақстан, тіпті 5-8 аталары осында өмір сүргендер бар, сондықтан халықтар достығы Қазақстанның нағыз күшіне айналды. 

Қазақстан өз аумағында ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілікті сақтап, әлем алдында моральдық беделге ие болды.  Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі» туралы жақсы пікірлер айтылуда.

Т.Кузинаның сөздеріне сүйенсек, Қазақстандай бейбітсүйгіш елдің БҰҰ ҚК жұмыстарына қатысуы мемлекетаралық қарым-қатынастардың жақсаруына, мемлекеттер арасындағы жанжалды қару қолданбай дипломатиялық жолмен шешуге ықпал ететін болады. 

Соңғы жаңалықтар